Saturday, 5 October,2024

Ұлы қайтыс болған айтыскер ақын сүйінші жаңалығымен бөлісті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин ұлды болды. Осыдан 10 ай бұрын Әлихан есімді ұлын жер қойнына тапсырған ақын сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Серікзат Дүйсенғазин «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Бұрын менің ұлым да, қызым да болды. Ол кезде шаттанып жүргенбіз. Мына жағдай кішкене ойландырады. Себебі Әлихан баламыздың кетіп қалуы, араға 9 ай уақыт салып ұлымның дүниеге келуі Құдайдың бір құдіреті. Бір тылсымның, жаратушының бар екенін мұсылман халқы болған соң білеміз ғой. Жеңгеміздің жағдайы жақсы, ұлымды көрдім. Өзімнен айнымайтын бір қара бала. Әлихан өмірге келген кезінде айтыс болып жатқан. Енді сіздерге қызығын айтайын. Бүгін Қызылордадан бір топ ақын маған құттықтау айтып келді. Оның ішінде Кенжебай Жүсіп ағамыз, Серік Ыдырысов, Нұрмат Мансұров, Ержеңіс Әбдиев және өзіміздің Мейірбек Сұлтанхан бар. Әлихан туған кезде де тура сол Кенжебай аға келген. Кенжебай ағамен айтысқанмын. Айтысқа шыққан кезде ағамыз бүкіл елге сүйінші хабарды жеткізген”, - деді ақын.

Ұсынылатын