Saturday, 23 November,2024

Ұлыбританияда мамандар алғаш рет алкоголизмнен итті емдеп шықты

Алмас Абылай
Фото telegraph

Ұлыбританиялық мамандар алғаш рет алкогольге тәуелді болған итті емдеп шықты, деп хабарлайды  Uaqyt.info.

Ұлыбританиялық сайттардың жазуынша ит мұндай жағдайға бұрынғы иесінің асырауында болғанда тап болған. Яғни, иесінен қалған ащы сусынды ішіп жүрген. Кейін тұрғын қайтыс болғанда итті жануарлар орталығына алып келген.

Мамандар сол кезде 2 жылдық лобродордың қалтырап тұрғанын байқайды. Бірден тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның алкогольге тәуелді болып қалғаны анықталған. Осылайша Коко деп есім алған ит 4 апта бойы наркозда өмір сүріпті. Ақыр соңында тәуелділіктен айығып шыққан.

Орталық мамандары бұл алкоголден емделген алғашқы ит екенін айтуда. Қазіргі уақытта оны асырап алатын жаңа баспана қарастырылып жатыр.

Ұсынылатын