Saturday, 23 November,2024

Ұлының әрекеті көзге түсіп қалды ма? Қадыров Путиннің алдынан бір-ақ шықты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Путиннің алдына кірді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, Ресей Президенті Қадыровтың іс-әрекетіне оң баға берген. Яғни федерацияның шайқалмай босағасын берік ұстауына үлкен үлес қосудасың деп ризашылық білдіреді.

"Елдің экономикасы, әлеуметтік мәселесі төңірегінде әңгімелесу үшін кездестік қой. Жалпы сіздің және командаңыздың арқасында бәрінде жақсы көрсеткіш бар. Майдан шебінде сарбаздар ерілкпен күресіп жүр. Ондағы командирлер шешен әскерлерінің әрекеті туралы да маған оң пікірлерін айтуда", - дейді Путин.

Рамзан Қадыров бұл көзқарасқа риза екенін, әрі алда талай қуанышты хабарлар болатынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қадыровтың ұлы құран өртеп, артынша қамауға алынған күдіктіні ұрып-соққан бейнежазба жарияланған еді.

Ұсынылатын