Saturday, 27 April,2024

Ұлытау облысында киіктер қырылып жатыр

Uaqyt.info
Фото okg.kz

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында белгісіз аурудан киіктер жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Далада жатқан киіктердің өлекселерін куәгерлер видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Онда жайрап жатқан киіктерді көруге болады. Әзірге түз жануарларының неден қырылғаны белгісіз.

“Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында киіктер қырылып жатыр. Далада атпен жүруден қалдық. Әр 10 метр, 20 метрде өлген киіктер жайрап жатыр. Мыналардың өлекселерін кім жинайды? Дала сасып жатыр, - дейді бейнежазба авторы.

Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты дабыл қағып, Экология министрлігіне сауал тастаған. Әзірге жауапты ведомство қырылған киіктерге қатысты жауап берген жоқ.

Ұсынылатын