Ұлытау облысында үш адам уланып, көз жұмды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Ұлытау облысында көміртегі тотығымен уланған бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасы хабарлады.
“Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды. Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу”, - делінген ақпаратта.