Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.