Үндістанда 4 жыл бойы күйеуінен таяқ жеген қазақ әйелі көмек сұрады
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Үндістанда күйеуінен таяғынан мезі болған Қазақстандық әйел елден көмек сұрады. Ол 4 жыл бойы зорлық-зомбылыққа шыдап келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Не молчи қоры хабарлады. Онда Калькуттада тұрып жатқан қарағандылық әйелден өтініш түскен. Ол 10 жастағы, 3,5 және 1,1 жастағы үш баласымен елге қайталмай отырған көрінеді. Себебі екі баласында виза жоқ, үлкен қызының визалық режимінің мерзімі өтіп кеткен.
Келіншекті 4 жылдан бері күйеуі ұрып-соғып, бүкіл отбасын тұтқында ұстап отыр.
Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы отбасының мәселесімен консул айналысып жатқанын және құжаттарын түгендеу басталғанын жариялады.
"Консул балалардың анасымен байланысқа шығып, барлық көмекті жасайды. Оларды Қазақстанға қайтаруға көмектесеміз", - делінген министрлік мәліметінде.