Thursday, 19 September,2024

Үндістанда алып кран 17 адамның өмірін қиды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Үндістанда құрылыс алаңында кран құлап, соның салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Reuters агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиға Үндістанның батысындағы Махараштра штатында болған. Көпір құрылысы кезінде алып кран құлап, 17 адамды басып қалды. Тағы бірнеше адам үйіндінің астында қалған. Ел билігі қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек беретіндерін жеткізді. Яғни, әр отбасыға 200 000 рупий (2430 АҚШ доллары) және зардап шеккендерге 50 000 рупий (608 АҚШ доллары) көлемінде көмек көрсетіледі.

Ұсынылатын