Үндістанда маймылдар 3 жасар қызды таспен атып өлтірді
Алмас Абылай
Фото dailymail.co.uk
Үндістанның Теленгана штатында маймылдар 3 жасар қызды өлтірді. Бүлдіршіннің басына тас лақтырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Daily Mail жазды. Үш жасар Девунури Абхинавты маймылдардың өлтіргенін жергілікті тұрғындар айтуда. Тіпті олар бүлдіршіннің бұған дейін бір өлімнен қалғанын еске алды. Яғни алты ай бұрын Девунури пышаққа тамағымен құлап өле жаздайды. Қызының өмірін сақтап қалу үшін ата-анасына операцияға алты мың доллар жинау қиынға соқты. Қыз ұзақ оңалтудан өтті және жарақаттан кейін жақында ғана толық жазылыпты. Бірақ тағдыры ұзаққа бармады.
Үндістандағы маймылдардың адамдарға жасаған шабуылдары халық арасында үлкен алаңдаушылық туғыза бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл сайын приматтардың агрессиясы күшейіп келеді.