Үндістанда пойыздағы өрттен 10 адам қаза болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Үндістанда пойыз вагонындағы өрттен 10 адам мерт болды. Оқиға Тамиланд штатында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Анадолы агентігі хабарлады. Онда пойыздағы жарылыстан 10 адам қаза тауып, 20 адамның жарақат алғаны айтылған. Жантүршігерлік оқиға Мадура ауданындағы теміржол станциясының тұрағында болған.
Алдын ала болжам бойынша жарылысқа жолаушыларының қолдануына тыйым салынған газ баллонының жарылуы себеп болыпты. Аталған дерекке қатысты ел билікгі тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.