ҰҚК Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған екі террористік актінің алдын алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев айтты.
"Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды", - деді Руслан Сейсембаев.