- Басты жаңалықтар
- Саясат
- ҰҚШҰ бітімгерлері Қаңтар оқиғасы кезінде бір де бір оқ атқан жоқ — Президент
ҰҚШҰ бітімгерлері Қаңтар оқиғасы кезінде бір де бір оқ атқан жоқ — Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Аймақтарда жаппай тәртіпсіздік белең алып, жергілікті билік дәрменсіздік танытқанда, Қауіпсіздік кеңесі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгіну туралы шешім қабылдады. Қазақстан оның бітімгерлік күштерін тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана қысқа мерзімге енгізуді сұрады. Бұл жерде мына жайтқа баса мән беру керек. Біз бұл құрылымның мүшесі ретінде Ресейге емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгіндік. Сол кезде осы ұйымның төрағасы Армения еді. Биыл ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық етеді. Құрылым жасағы, шын мәнінде, бітімгерлік рөл атқарып, қасіретті күндерде елді жайлаған жүгенсіздікті тоқтатуға септігін тигізді. Ұйымға мүше-мемлекеттермен келісілгендей, бұл бітімгерлік күштер алдын ала ешқандай талап қоймастан, оның үстіне мерзімінен бұрын Қазақстаннан сыртқа шығарылды. Осы маңызды нысандарға лаңкестік шабуылдар жасалуы мүмкін деген қауіп болды. Сондықтан бітімгерлік күштер соларды күзетуге жіберілді. Ең бастысы, сол арқылы өз күштерімізді лаңкестікке қарсы операцияға жұмылдыруға мүмкіндік туды», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сұхбаттың толық нұсқасын "Egemen Qazaqstan" газетінен оқи аласыздар.