Sunday, 8 September,2024

«Үркер-2023» ұлттық сыйлығын биыл кімдер жеңіп алды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

«Үркер-2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және  «Қазақстан» РТРК ұйымдастырған дәстүрлі байқауға журналистерден 450-ге жуық өтініш түскен. Сонымен  «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:

Лэйла Тастанова - Time.kz

Жылдың үздік репортажы:

Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:

Амангүл Тілейқызы - El.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

Анна Величко - Golos-naroda.kz

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

Nege.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

Жылдың үздік фотосуреті:

Валерий Бугаев

Үздік өңірлік БАҚ:

«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Үздік подкаст:

«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан

Үздік YouTobe каналы:

Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

Ұсынылатын