Wednesday, 15 May,2024

«Үркер» сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER-2023 ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-листі жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ҚазАқпарат жазуынша, биыл байқау 12 номинация бойынша өтіп жатыр.

Оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды.

Атап айтсақ, «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскен.

Соның ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша келіп түсті.

Шорт-листке 48 номинант енді.

Жылдың үздік сұхбаты:

Лэйла Тастанова - Time.kz

Эльмира Асқарқызы - Nur.kz

Айхан Шәріп - «Айқын» газеті

Мейрамтай Иманғали - «Дидар» газеті (Шығыс Қазақстан облысы)

Жылдың үздік репортажы:

Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

Санат Урналиев - Informburo.kz

Арайлым Мұрат - inform.kz

Дина Әділ - Qaz365.kz Жаңа Қазақстан порталы

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:

Индира Сатбаева - «Вечерний Алматы» газеті (Алматы қаласы)

Айбек Тасқалиев - «Ақтөбе» газеті (Ақтөбе облысы)

Амангүл Тілейқызы - El.kz

Қажет Андас - «Жетісу» газеті (Жетісу облысы)

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):

 

Талғат Батырхан - «Егемен Қазақстан» газеті

Карина Негметова - Kokshetau.info (Ақмола облысы)

Анна Величко - Golos-naroda.kz

Евгения Максимова - Zhaikpress.kz (Батыс Қазақстан облысы)

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Ерік Рахым - Nege.kz

Сұлугүл Бакесова - Forbes Kazakhstan

Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

Жанель Жазетова - Informburo.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

Nege.kz

Stan.kz

Nur. Kz

Golos-naroda.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Жаңа ФМ» радиосы - «Зеленая волна» бағдарламасы (Қарағанды қ.)

«Astana FM» радиоарнасы - Ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасы

«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

«Той Думан» радиосы - «Беташар шоу»

Жылдың үздік фотосуреті:

Досжан Балабекұлы

Владимир Третьяков

Валерий Бугаев

Самат Құсайынов

Үздік өңірлік БАҚ:

«Jetisy» газеті (Жетісу облысы)

«Алатау арайы» газеті (Қонаев қаласы)

«Панорама Шымкента» газеті (Шымкент қаласы)

«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):

«Қазақ елі» журналы (Түркия)

Баян-Өлгий аймағының бұқаралық радиосы (Моңғолия)

«Шүйдің нұры» газеті (Ресей)

«Нұрлы жол» газеті (Өзбекстан)

Үздік подкаст:

«Zere» - Мәншүк Асаутай

«Dope Soz» - Жомарт Аралбайұлы, Арсен Түсіпбек

«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан

«Momski әңгіме» - Жетен Даурен

Үздік YouTube канал:

Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

Ренат Ташкинбаев - Студия «Другие места»

Байдалы Жазира - «Sayahat Time»

Болат Бұхарбай - «Jaqsy Bolady»

«URKER-2023» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 22 қыркүйек күні белгілі болады.

Ұсынылатын