Saturday, 18 May,2024

Ұрлаған көлігі ажалға апарды

Uaqyt.info
Фото

Астанада көлік ұрлаған ер адам апатқа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы жағдай 18 сәуірде болған. Subaru жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында ауыр жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Тексеру барысында қаза тапқан жүргізушінің Subaru автокөлігін ұрлап кеткені белгілі болды. Аталаған дерек бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын