Saturday, 23 November,2024

"Ұруға құқығым бар". Қызылордада полиция қызметкері тұрғынға себепсіз жұдырық жұмсаған

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте полиция қызметкерінің қарапайы тұрғынға жұдырық жұмсаған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада полиция қызметкерінің өзін қалай ұстап жүргенін байқайсыз. Тіпті мені ұрдыңыз деген тұрғынға ол «ұруға құқым бар» деген сөзден жауап береді.

"Қызылорда қаласы. Тұрғын тергеушіге жол ережесін бұздыңыз деп айтқаны үшін жұдырық ала жүгірген. Енді бұл істі олар тып-тыныш жәбірленушінің жарақатына қарамастан жауып тастамақшы", - делінген бейнежазбаға.

Кейіннен бұл оқиға  бойынша кезекші бөлім келген. Әрі сол жерде жәбірленуші арыз жазатынын түсіндіруде.

Кейіннен әлгі азаматқа қол көтерген тергеуші асығыс екенін айтып, оқиға орнынан кетіп қалады.

Ұсынылатын