- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- “Үш тергеуші ауысқан”. Көз жұмған Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр
“Үш тергеуші ауысқан”. Көз жұмған Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың тусытары тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда марқұмның туыстарының тергеудің әділ өткенін талап еткені айтылған.
“Жерлеу рәсімінен кейін Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің барысы туралы айтты. Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күннің ішінде үш тергеуші ауысып үлгергені белгілі болды.
«Ғаламторда жалған жарияланымдар мен пікірлердің пайда болуына байланысты олар (Бишімбаевтар) жағдайды «тыныштандырып» немесе жұмсартуға тырысады деген қорқыныш пайда болды. Іс ашылғаннан бері 3 тергеуші ауысты, қандай себептермен қайта-қайта ауыстырғаны белгісіз. Ескі тергеушілер жаңаларының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді», - деп жазады туыстары Instagram желісінде.
Нүкенованың отбасы тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр. Олар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы кешірім сұрамағанын хабарлады.
«Оның сау жері болған жоқ. Бізде мәйіттің фотолары мен видеолары бар, егер сіз оны көрген болсаңыз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіз. Адал тергеу жүргізіп, әпкеме жасалған аяусыз зорлық-зомбылықты ақтауға тырыспауды сұраймын», - деп жазды марқұмның туыстары.