- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Үш ұлдан да қайыр жоқ". Қарттар үйіне көшкен қарияның бейнежазбасы жұртты жылатты
"Үш ұлдан да қайыр жоқ". Қарттар үйіне көшкен қарияның бейнежазбасы жұртты жылатты
Интернетте қарттар үйіне көшіп жатқан кәрі кісінің бейнежазбасы тарады. Тіпті жұрт бұл жағдайды қызу талқылауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видео авторы көпқабатты тұрғын үйден кәрі кісіні Қарағандыдағы қарттар үйіне көшіруге көмектесіп жатқанын айтады. Көлікке артқан көп жүкті де көресіз. Ал қария еш баладан қайыр болмаған соң осындай қадамға барғанын түсіндірген.
"Дайын тамақ, дайын күйім. 3 ұлым 1 қызым бар. 6 жыл болды ешқайсысы қатыспайды. Ешқайсысынан қайыр жоқ. Әйелім қайтыс болған. Ұлдарым үлкен қызметте. Үлкені Қарағанды облысында тергеуші, екіншісі Абайда прокурор, үшіншісі Алматыда. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдым. Енді қарттар үйіне барамын", - дейді қария.
Бейнежазбаға жазылған пікір көп. Бәрі дерлік балалардың әрекетін сынға алған.
"Санасы жоқ баланы ала бер деген осы екен ғой". "Масқара, ондай үлкен қызметте шіренгенше, жалғыз әкелеріне қарамай ма". "Ата-ананы көзі тірі кезінде құрметтеген абзал ғой. Ұят жағдай". "Лауазымға жеткендердің көбі солай істейді", - деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.