Friday, 22 November,2024

"Үшінші рет кешірмеймін". Тұрсынбектің әйелі ақын Айшолпанмен неге жұмыс істей алмағанын айтты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы бір сырды ашты. Ол өзі продюсерлік еткен ақын қыз Айшолпан Тілеутаймен неліктен жұмыс істей алмағанын айтқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мөлдір Мұқанова Paradox бағдарламасында айтып берді. Сөзінше ақын қыздан қазақи репер жасауды мақсат еткен. Осы бағытта келісімшартқа отырып, продюсері болуға келісіпті. Бірақ жоба аяқсыз қалған.

"Айшолпан өзі келді. Сараға, Айнұр Тұрсынбаеваға ренжіп жатты. Осы кісілер ақындық жолдағы апаларым бірінші қолдаушы болатын жандар еді ғой, дегендей ренішін айтты. Айналып келіп, сіз маған жетекшілік етіп, қолдап жатсыз деген әңгімелерге тоқталатын. Содан келісімшарт жасастық. Табысты 50-де 50 жасаймыз деді. Бірақ күндердің күні жоқ болып кетті. Таппай қалдық 3-4 күн. Одан кейін қайтадан келді жылап еңіреп, қайтадан жұмыс істейік, бұл қателігім енді қайталанбайды деді. Кешірдім, 1 ай өтпей тағы да сол әдетке басты. Тағы таппай қалдым. Хат жаздым, хабарластым, бірақ тұтқаны көтермеді. Келісім шарт жатыр сол күйі, бірақ енді келсе үшінші рет кешірмеймін," - дейді продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін ақын қыздың ұшаққа домбырамен кіре алмай, шу болғанын жазған едік.

Ұсынылатын