Үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адам сегіз айдан кейін, 26 тамызда қайтыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Еске салайық, биыл қаңтарда Ақтаудағы 11-шағын ауданда №41 үйден төменге жиһаз түскені хабарланған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Lada.kz мәліметінше, диванды лақтырған адамның кім екені ақыры анықталмаған.
Диван өтіп бара жатқан адамға түскен. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді.