- Басты жаңалықтар
- Әлем
- "Вагнер" әскері тығырықта: Ресей Бахмуттағы басып алған жерлерінен айырылып қалуы мүмкін
"Вагнер" әскері тығырықта: Ресей Бахмуттағы басып алған жерлерінен айырылып қалуы мүмкін
Украина мен Ресей соғысының 436-шы күні аяқталды. Евгений Пригожин бастаған ЧВК "Вагнер" әскері Бахмутта тығырыққа тірелді. Тіпті қаланы тастап қашуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС агенттігінің жазуынша Бахмутты жаулаймыз деген Ресейлік Вагнерліктер қару-жарақсыз қалған. Ұйым жетекшісі Евгений Пригожиннің әлеуметтік желіде Ресей билігін сынға алған бейнежазбасы тарады. Видеода ол Қорғаныс министрлігінің боқтықтың астына алған. Тіпті өз әскерінің қойша қырылып бара жатқанын айтып, дабыл қағады.
Дей тұрғанымен Ресей Украинаның бірқатар қаласын бомбалауды тоқтатқан жоқ. Соңғы дерек бойынша Славянк, Краматорск және Запарожье өңірлеріндегі Украинаның тылына зымыран ұшырған.
Соғысты зерттеу институты болса жақын күндері Украина қарсы соғысқа шығуға дайын екенін жазуда. Бұл әрекет тіпті бірер күнде басталып қалуы мүмкін. Ресей осыған байланысты шабуылды қысқартып, қорғанысқа мән беруге тырысуда делінген ақпаратта.
ЕСКЕРТУ: БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР БАР +18
@vladimir_20_01_2023 #Пригожин#Вагнер#оркестр#эмоции#СВО#врек🤔🤔🤔 ♬ оригинальный звук - Владимир