Вьетнамда мереке қарсаңында 76 адам қаза тапты
Uaqyt.info

Вьетнамда Ұлттық мереке тойланған төрт күннің ішінде 76 адам қаза тауып, 95 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 1-4 қыркүйек аралығында 125 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 76 адам көз жұмған. Айта кетейік, осы күндері елде Вьетнамның Ұлттық күні аталып өткен еді. Жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда орын алған. Теміржолдағы екі апат салдарынан үш адам қаза тапты.