Saturday, 21 December,2024

“Винчестер мен тапаншам бар”. Әмина қажы қарумен жүретінін айтты

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

“Перзент” балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева өзі туралы ел білмейтін құпияны ашты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Әмина қажы БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда талай жетімнің маңдайынан сипап, пана болып жүрген кейуана өзінің үнемі қарумен жүретініне тоқталған. Оның айтуынша, өз атына тіркелген екі суық қаруы бар екен. Ол бұл заттарды балалардың және өзінің қауіпсіздігі үшін қолданатынын жеткізді.

Бір винчестер мен бір тапаншам бар. Мысалы мен Өскеменге барсам, қасыма салып қоям. Аяқ асты не болатынын кім біледі? Бір Алла ғана біледі. Сонша баламен оңай ма? Әлбетте қаруымды өзіммен бірге алып жүремін, - деді Әмина қажы.

Бұдан бөлек Әмина қажы бала бағудың машақаты мен қиындықтарына тоқталған. Оның айтуынша, жетімдердің көңілін табу оңай шаруа емес. Оның қол астында қазір 30-дан астам бала тәрбиеленіп жатыр.

Ұсынылатын