Sunday, 28 April,2024

Владимир Путин сайлауда 87%-дан астам дауыс жинады

Құрмантай Жантелі
Фото

Ресейде өткен президент сайлауның нәтижелері белгілі болды. Владимир Путин Путин 87,21% дауыс жинаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ресейдегі президент сайлауы 15 наурызда басталған болатын. Exit poll деректері бойынша, Владимир Путин 87,21% дауыс жинап, көш бастады.

Ал бәсекелестері -  Николай Харитонов — 4,6%, Владислав Даванков — 4,2%, Леонид Слуцкий — 3,0% дауысты қанағат тұтқан.

 

Айта кетейік, Алматыда Жандосов көшесіндегі консулдыққа түске дейін шамамен 1,5 мың адам келіп, дауыс берген. Олардың басым көпшілігі Путинді қолдайтындарын айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын