Владимир Путин жұмыс сапарымен Қырғызстанға келді
Uaqyt.info

Ресей президенті Владимир Путин Бішкекке іс-сапармен келді. Ол 13 қазанда ТМД саммитіне қатысады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТМД саммиті Бішкекте 13 қазанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өтеді. Бұдан бөлек Путин ТМД елдерінің басшыларымен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқыламақ. Айта кетейік, бұл Ресей басшысының жыл басынан бері шетелге жасап отырған алғашқы сапары.