- Басты жаңалықтар
- Спорт
- "Вокзалда түнеген кез болды". Шавкат Қазақстанға алғаш көшіп келген жылдары қандай қиындықтан өткенін айтты
"Вокзалда түнеген кез болды". Шавкат Қазақстанға алғаш көшіп келген жылдары қандай қиындықтан өткенін айтты
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бүгінгідей құрмет қошеметке бірден жетпегенін айтты. Әрі алғаш елге көшіп келгенде қандас мәртебесін алу үшін вокзалда түнеп қалған кездер болғанына тоқталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы спортшы Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта айтты. Сөзінше алғаш Қарағанды қаласына көшіп барғанда қуықтай бөлмеде 5 адам болып тұрған. Анасы және 3 бауырымен. Өмір сүру үшін барынша бірлесіп еңбектенген. Нәтижесінде осы күнге жетіп отырмын, дейді.
"Есімде, елге келіп, құжат жинап жүрген күндерім. Ол кезде кім таниды. Шымкентке бардық, қандас мәртебесін алу үшін. Сол кезде вокзалда түнеп қалған кезіміз болды. Ал қазір қайда барсам да құрмет, қошеметпен күтіп алады. Әрине, мұны ойласам қатты толқимын. Одан кейін біз анам және үш бауырыммен бір бөлмеде тұрдық. Яғни, бір бөлмелі үй болса соның ас бөлмесіндей жерде өмір сүрдік қой", - дейді спортшы.
Сонымен қатар ол алғаш Қазақстанға келгенде тілден қатты қиналғанын да айтып берді.
@olzhik_2kz #шавкатрахмонов🥊 ♬ оригинальный звук - Olzhik_Aliev