Monday, 16 September,2024

"Хабар 24" арнасының директоры ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Эльдар Бақпаев ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін “Хабар 24” телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!, - деп жазды Берік Уәли.

Ұсынылатын