Thursday, 19 September,2024

«Хабар» агенттігінің бұрынғы басшысы Владимир Рерих қайтыс болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

«Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры Владимир Рерих 67 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Марқұм Берлинде көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарал хабарды марқұмның әйелі болған белгілі журналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Журналист 15 жыл бірге тұрған бұрынғы күйеуі туралы естелік жазба қалдырды. Олардың ортақ Әлім деген ұлдары бар.

“Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…

Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді" делінген жазбада. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя!”, - деп жазды Дана Нұржігіт.

Ұсынылатын