Friday, 18 April,2025

Халал тойда мас болған Ұланғасыр Қамиев төбелес шығарды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

“Қызыл раушан”, “Ямахау” әндері арқылы қалың көпшілікке танылған әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде төбелескен сәті желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Желіде тараған видео Жетісу облысының Үшарал қаласындағы мейрамханалардың бірінде түсірілген. Онда әншінің тойда ән айтып тұрғанын көруге болады. Кейіннен масайып қалған ол сыртта той қонақтарымен жанжалдасады. Тіпті мас болып құлап, біреулерді боқтап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 29 шілдеде болған.

Ұсынылатын