Friday, 22 November,2024

“Халқым надан болған соң...” Астанадағы көрмені Абай көргенде не дер еді

Uaqyt.info
Фото

Астанада өткен Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі қазнетте әлі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тоқаев пен Рахмон Тәжікстанның тауарлар жәрмеңкесін аралады ᐈ zakon.kz  жаңалық - 14:22, 26 тамыз 2023

Елорда төрінде өткен көрме әу баста әдемі-ақ басталған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді. Бұл шара - Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өткізілгенін айта кетейік. Бірақ, басы әдемі басталған шараның соңы талас-тартысқа ұласып кетті. Белгілі журналист Ерқанат Көпжасарұлы тамаққа таласқандар туралы былай деп жазды.

“Ермек Тұрсынов “Қазақтарға мәдениет керек. Әр салада мәдениет жетіспейді. Қарапайым ішкі мәдениеті жоқ, жабайы қоғамға айналып кеттік”-дегені бар еді. Рас.

Астаналықтар тамақты қойып табаққа дейін талап кеткен ғой. Тәжіктер жағасын ұстап, қатты ренжіп жатқан көрінеді. Тонналаған азық-түліктен мүлкімізге дейін талан-таражға түсті дейді. Күзет қою керек қой мұндайда. Тегін асқа тік қасық әрине. Талас кезінде адамдар жаппай жаншылса не болар еді?

Үш миллион халқы аштан қырылған, отыз жыл жұртын ұры-қарылар билеген елдегі ашкөздікке абайлап қарау керек”, - деп жазды Ерқанат Көпжасарұлы.

Палауға таласқан қазақтардың видеосы әлемді шарлап кетті

Айта кетейік, тамаққа талас біздің елде бұған дейін де болған. Бір ғана мысал: Шымкентте тонналап палау пісіргенде де халық бірін-бірі тапап, аш адам секілді қазанға лап қойған еді. Ол кезде де “халық аш, адамдар мәдениетсіз” деп шулап қойғанбыз. Бұл жолы да әлеуметтік желіде түрлі пікірді қарша боратып жатқандар көп.

Масқара! Тегін тамақ мүлдем таратпау керек екен!”, “Айтарға сөз жоқ. Масқара, ұят болған екен”, “Барлық салада осы, түк көрмегендер”, “Мынау ұят енді, соншалықты қаңылтырға дейін дүние көріп”, “Масқара, адамшылық қасиеттеримизди осыдан карап қана қортындыға жасауға болады”, “Мектеп бағдарламасына "Мәдениет тану" пәнін енгізу керек. Азда болса пайдасы тиіп қалар, - деп жазды желі қолданушылары.

Ал тамаққа таласып, декорацияда тұрған табаққа дейін алып кеткен тұрғындардың әрекетін Абай көргенде былай дер еді ғой:

“Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын?!”.

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын