Saturday, 5 October,2024

Халық артистерінің жалақысы екі есеге өсті

Алмас Абылай
Фото pixabay.

“Қазақстанның халық артисі” атағы бар мәдениет қызметкерлерінің алатын жалақысы екі есеге ұлғайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді. Оның айтуынша, мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемақы екі есеге өседі. Қаулы бүгінгі өткен Үкімет отырысында бекітіліпті.

«Қазақстанның халық артисі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне базалық лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің мәдениет саласын дамытуға орасан үлесін қосып жүрген қайраткерлерге «Қазақстанның халық артисі» атағы берілетін болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында айтқан болатын.

“Қазақстанның халық артисі» атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді”, - деді Асхат Оралов.

Ұсынылатын