Monday, 16 September,2024

Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналып ескерткіш қойылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Таразда Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылуы өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың атйуынша, Мейіржан Аймановтың ескерткіші Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына орнатылған. Ашылу салтанатына батырдың туыстары, облыс әкімі және Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков қатысты.

“Біз бүгін бейбіт күннің батыры атанған, Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанатына жиналып отырмыз.Өз мамандығына адалдық танытып, қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған ерлердің есімі ел есінде мәңгі сақталады.Кез-келген сәтте елге көмек көрсетуге дайын тұратын, өзгенің амандығы үшін өз өмірін тәуекелге тігетін құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді – бейбіт заманның батырлары десек қателеспейміз.Бүгінгі күннің батырларын келер ұрпаққа үлгі ету, олардың ерліктерін насихаттау – біздің басты міндетіміз. Асыл азаматтардың ерлігі ешқашан ескерусіз қалмайды. Батырлардың ескерткішіне қарап, жас ұрпақ бой түзеп, оларды үлгі тұтары анық”, - деді аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Байзақ ауданы Қайнар ауылының аумағында орналасқан әскери бөліміндегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасында орын алған жарылыстың салдарынан 18 адам қаза тапқан болатын.

Ұсынылатын