Saturday, 23 November,2024

Халықаралық іздеуде болған Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп БАӘ-де ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды. Оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздестірді", – делінген полиция хабарламасында.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.

2024 жылдың 24 қаңтарында Мақсат Әріпке іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2018 жылы "Қазақстан қағазы" компаниясының бұрынғы басшысы Мақсат Әріптің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды.

Ұсынылатын