Saturday, 27 July,2024

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Күдікті Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған, деп хабарлайды Uaqyt.info

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, 32 жастағы К.есімді азамат аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр.

Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсынылатын