Saturday, 23 November,2024

Халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі Шымкентте ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.

Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты.

Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады.  Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынылатын