Monday, 25 November,2024

Халыққа былапыт сөз айтқан әкімге қатысты қызметтік тексеріс басталды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Instagram әлеуметтік желісі арқылы халыққа есеп беріп, эфирдің соңында былапыт сөз айтқан әкімге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфир кезінде қала әкімі Олжас Нұрмағамбетов ауыздан апат болып, жағымсыз сөз айтқан еді.

Осыдан кейін ғаламторда шенеунікке қатысты жағымсыз пікір қалыптасты. Ол қойылған сұрақтарға шамданса керек, бейәдеп сөз айтуға жол береді.

Алайда әкімнің өзі ондай келеңсіз жағдай болмағанын айтып бейнеүндеу жолдады. Ал Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі әкімге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді.

«Осы постқа байланысты Бурабай ауданының әкімдігіне тексеру басталды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Ұсынылатын