- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- «Халықты бірден ұмытты...» Мәжілістің жаңа депутаты Руслан Берденов журналистерден қашамын деп сынға қалды
«Халықты бірден ұмытты...» Мәжілістің жаңа депутаты Руслан Берденов журналистерден қашамын деп сынға қалды
Алмас Абылай
Фото t.me/egovpress/
Respublika партиясынан Мәжіліс депутаты болып сайланған Руслан Берденов жұрт сынына қалды деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода журналистердің су жаңа депутатқа сауал қойғысы келгенін байқайсыз. Бірақ ол басын бүркей, ғимаратқа қашып кіреді.
Мәжіліс депутатының бұл әрекетін сынға алған жұрт көп. Басым бөлігі сайлауалды науқандағы адамдарды енді көру қиын деген пікір қалдырған.
«Депутат болды, енді халықты бірден ұмытты». «Мынаны кім таңдаған». «Ауру емес па». «Ұят, халық қалаулысы деп кім айтады», - деген ашулы жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.
Айта кетейік, Уақыт.кз бұған дейін депутаттық мандатын алған Ардақ Назаровтың да сынға қалғанын жазған еді.