Monday, 16 September,2024

Халықты ойлайтындар бар ма? Қазақстанда 60 мыңға жуық долларлы миллионер бар

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстандағы долларлы миллионерлер тізімі жарияланды. Ондағы деректе ел бойынша небәрі 57 965 адам байлар қатарында екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тізім ubs.com сайтында жарияланды. Ондағы сарапшылар Қазақстандағы долларлы миллионерлер санын жинақтаған. Көрсеткіштегі 57 965 адамның тек 48-і ғана ең бай азаматтардан. Жиғандары 500 миллион доллардан асады.

Мұнан кейін 100-500 миллион доллары бар қалталылардың саны – 189. 50-100 миллион доллары барлар 297 адам болса, 10-50 миллион долларлы байлар 2 605 екен. 4 115-і 5-10 миллион доллары бар бағландардан.

Тізімдегі қалған азаматтар 1 миллион долларға дейін жинап үлгерген байлар көрінеді.

Ұсынылатын