Friday, 22 November,2024

Халықты қан қақсатқан ұрыны адамдар бағанаға байлап тастады

Uaqyt.info
Фото pixabay

Қырғызстанның Талас облысында болған жағдай жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Uaqyt.info .

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видео қоғамда қызу талқыланып жатыр. Онда мал базарда халықтың жиған-терген ақшасын ұрлап жүрген қалта ұрысын халық ұстап алып, бағанаға байлап тастағанын көруге болады. Олар полицейлер келгенше, әккі ұрының сазайын осылай берген. Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

«Зорлык жасайтындарды да осылай жазалау покажетхалықтың алдында», «Құдай сақтасын мынау не? Алла өзі жазалайды ондай адамдарды», «Біздің базардағы ұрыларды ұстауға қырғыздарды шақырамыз ба?», «Қырғыздар жарайсыңдар, полиция емес осылай халық жазаласа нәтиже керемет болар еді», - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын