Friday, 22 November,2024

Халықтың 96 пайызы дауыс бергеніне қарамастан Түркиядағы Президент сайлауы қайта өтеді

Алмас Абылай
Фото Anadolu Agency

Түркиядағы Президент сайлауының екінші туры өтеді. Себебі үміткерлер 50 пайыз дауыс жинай алмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Anadolu Agency сайтындағы дерекке сүйенсек, Түркияда 4 үміткер таққа таласқан сайлау аяқталды. Соңғы дерек бойынша халықтың 96,15 пайызы өз таңдауын жасаған. Бірақ кандитаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмапты.

Реджеп Тайып Ердоған – 49,35 пайыз дауыс жинаған. Яғни, елдегі 26 миллионнан аса халық бұрынғы президентті қолдапты.

Ал оның басты қарсыласы оппозициялық партия өкілі Кемал Қылычдароғлы 45 пайыз дауысқа ие. Оған 24 миллионнан аса ел тұрғындары үміт артқан.

Өзге екі кандитатты қолдаған жұрт өте аз.

Осылайша президенттікке үміткерлердің 50 пайыз дауыс жинай алмауына байланысты, сайлаудың екінші кезеңін өткізу жоспарға қойылды. Ендігі халық таңдауы 28 мамырда өтеді.

Ұсынылатын