Friday, 20 September,2024

Халықтың тең жартысы проблемалық санаттан: Қазақстанда кедейлер саны 1 миллионнан асты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Қазақстанда кедейлер саны 1 миллионнан асқан. Былтыр бұл санаттағыларға тағы 40 мыңға жуық адам қосылыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Елдегі тұрмысы төмен азаматтар статистикасын Finprom.kz сараптамалық сайты жазды. Дерекке сүйенсек, өткен жылы кедейлер қатарына 39,7 мың адам қосылған.

"Кедейшілікте өмір сүретін қала тұрғындарының үлес салмағы 3,8%-тен 4%-ке дейін, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы 7,2%-тен 7,3%-ке дейін өсті. Сондай-ақ, кедейлердің абсолютті саны 39,7 мыңға яғни, 992,1 мыңнан 1,031 млн адамға дейін өсті. Әсіресе, кедейшілік қала халқында көп, қаладағы кедейшілік 12%-ке өскен"- делінген зерттеуде.

Сонымен қатар зерттеу аясында еліміздегі 19 миллионнан аса халықтың 50,5 пайызы ғана әл-ауқатты және қанағаттанарлық жағдайда өмір сүретіні анықталған. Бұл шамамен 10,4 миллион адам. Ал қалған 49,5 пайызы немесе 9,1 миллион азамат проблемалық санатқа жатады екен.

Ұсынылатын