Sunday, 24 November,2024

Халықтың жанайқайы тек өзін құрбан етумен ғана шешіле ме? Алматы маңында бір топ тұрғын тас жолды жауып тастады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданындағы тұрғындар қатты ашулы. Қара суықта жылусыз, сусыз, тіпті электр жарығынсыз қалған олар бір кеште тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде наразы халықтың ашулы әрекеті тарады. Онда бір топ тұрғын тура Алматыдан шығатын маңызы бар тас жолды жауып тастаған. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

"Тура Іргелі ауылы маңындағы республикалық маңызы бар күре жолға халық жиналды. Айтуларынша жылу да, суда электр жарығына байланған. Ал тоқтың өшуі салдарынан қара суықта шарасыз қалыпты. Билікке қанша шағымданса да нәтиже болмаған. Амалы құрыған олар осындай әрекетке барып отыр", - деп жазылған бейнежазбаға.

Тас жолды жапқан жұрт әкімдіктен қайран жоқ деп отыр. Тіпті құрғақ сөзден шаршаған.

Болған жайтты анықтау үшін Uaqyt.info Қарасай ауданы әкімдігіне сұрау салды.

Ұсынылатын