Friday, 3 May,2024

Хамас Израильге басып кірді: Таяу Шығыста не болып жатыр?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Палестиналық Хамас исламшыл тобы Израиль аумағына зымырандар ұшырып, басып кірді. Соңғы дерекке сүйенсек, қаза болғандар саны жүзден асып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Хамас бір сәтте 5 мың зымыран ұшырған. Израилдің шекара маңындағы 20-дан астам елді мекен қайнаған соғыс нүктесіне айналды. Жараланған бейбіт тұрғындар қатары мыңнан асса, қаза болғанда жүзден көп.

"Хамастықтар" Газа секторынан зымыран жаудырып, Израиль қалаларына кенеттен енген.

Израиль Иранға арқа сүйеген бұл топтың өзіне соғыс жариялағанын, армиясының Газа маңындағы Израильдің бірнеше қаласы мен әскери базаларында содырлармен соғысып жатқанын растады және Премьер-Министр Биньямин Нетаньяху кек қайтаруға уәде беріп отыр.

Ұсынылатын