Saturday, 23 November,2024

Хиджаб кию ережесін сақтамайды: Тәліптер әйелдерге орталық саябаққа баруға тиым салды

Алмас Абылай
Фото ВВС

Ауғанстан билігі әйелдерге орталық Бамиан провинциясындағы Банде-Амир ұлттық саябағына баруға тыйым салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенек, елдің вице-министрінің міндетін атқарушы Мұхаммед Халед Ханафи бұл жағдайды олардың саябақта хиджаб кию ережелерін сақтамайтынымен түсіндірді.

Ол діни және қауіпсіздік қызметкерлерін мәселенің шешімі табылғанға дейін әйелдерге саябаққа кіруге тыйым салуға шақырды.

2009 жылдан бері Банде-Амир Ауғанстанның алғашқы ұлттық саябағы ретінде тіркелді және танымал туристік орталыққа, отбасылық демалыс орнына айналды.

ЮНЕСКО құжаттарында саябақ" ерекше геологиялық түзілімдері мен құрылымы, сондай-ақ ерекше табиғи сұлулығы бар табиғатпен құрылған көлдер тобы" ретінде сипатталған.

Ұсынылатын