Friday, 18 April,2025

Хиджаб жайы киноға да жетті: Бірқатар актриса діни киім кимегені үшін қара тізімге енген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Иранда хиджаб кимейтін актрисалар енді киноға түсе алмайды. Олар қара тізімге енгізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

DW дерегіне сүйенсек, Иранда хиджаб киюден бас тартқаны үшін киноға түсуге тыйым салынған актрисалардың ресми тізімі жарияланған. Қатарда Баран Косари, Вишка Асайеш, Таране Алидусти, Катаюн Риахи, Пантеа Бахрам, Хенгаме Газиани, Пега Ахангарани және басқа танымал иран келіншектері бар. Бұл туралы Иран кино өнерін кәсіби бағалау және қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Хабиб Иль Беги IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«Шектеулерге байланысты бұл актрисалар бұдан былай кинодағы мансабын жалғастыра алмайды. Олардың бұрынғы туындылары қомақты қаражат салынып қойғандықтан кинопродюсерлердің мүддесін қорғау мақсатында біртіндеп жарыққа шығады. Бірақ алдағы уақытта түсірілетін фильмдерге түсуіне тыйым салынады», - деді шенеунік.

Аталған тыйымның бұған дейін қаражат жұмсалып түсіріліп қойған кино актрисаларына қатысы жоқ. Алайда оларға жаңа киножобаларға түсуге рұқсат берілмейді.

Ұсынылатын