Sunday, 8 December,2024

"Хиджап кигені үшін қомақты ақша ұсынады". Динара Сәтжан өнер адамдарының шындығын ашты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан елдегі өнер адамдарының хиджап кию үрдісіне үреймен дабыл қақты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тележүргізуші өз уайымын әлеуметтік парақшасында жазған. Онда елдегі блогерлер мен өнер адамдарының, әншілердің кейінгі уақытта ақшаға хиджап киетінін естігеніне тоқталады. Әрі ақшаны ойлай бермей, ұлттық мәдениетімізді, дәстүрімізді дәріптеуге шақырған.

"Мен елдегі танымал адамдарға хиджап киюді ұсынып, ол үшін қомақты ақша төлейді деген сыбысты естідім. Дәстүрлі дінді қос қолымды көтере қолдаймын. Жұма сайын жеті шелпек пісіріп, бейіт басында құран оқу, қырқынан шығару, тұсау кесер дегендей. Бұның бәрі біздің мәдениетіміз, салтымыз. Бірақ мені хиджап мәселесі қатты алаңдатып отыр. Ондаған жылда біздің қазақ қыздары түгелдей қап-қара киімге оранып кеткені дұрыс па? Біз соны қалаймыз ба", - деп жазады Динара Сәтжан.

Шынында соңғы кездері қазақ қоғамында белгілі әншілердің, блогерлердің хиджап кие бастағанын байқаудамыз. Ол қатарда Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова, тағы басқалары бар.

Ұсынылатын