Ыстанбұлдағы атыс кезінде Қазақстан азаматы жарақат алды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлдағы атысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, оқ тиіп жарақат алған азаматтың жағдайы тұрақты. Ер адам аурухнаға жатқызылған. Айта кетейік, Ыстанбұлдағы атыс 18 сәуірде болған еді.
“Жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр”, - деді Айбек Смадияров.