Ыстықкөлге демалуға барған отбасының 12 жасар баласын ұрлап кетті
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ыстықкөл жағажайларының бірінде 12 жасар баланы ұрлап кетті. Қаскөйлер сол арқылы қомақты қаражат таппақшы болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Кaktus.media жазды. Дерекке сүйенсек, баланы ұрлағандар ақша бопсаламақ болған. Яғни жасөспірімді кері қайтару үшін 300 мың доллар ақша талап етіпті.
20 шілдеде Шу облысының тумасы баласының ұрланғаны жайлы арыз жазады. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаның жағажайда сағат 8:30 шамасында болғанын айтты. Сағат 21:00 шамасында бала Шу облысының аумағында табылды, содан кейін ол анасына берілген.
Кейіннен полиция аталмыш жағдайға байланысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. Әзірге қаскөйлердің қанша адам екені белгісіз.