“Жағдайы ауыр”. Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 8 адам зардап шекті
Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Ондағылардың айтуынша, жер асты дүмпуі кезінде бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған.
“Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр”, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алғаны белгілі болды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.