"Жағдайы ауыр". Режеп Тайып Ердоған ауруханаға түсті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған миокард инфарктісін алды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
AVAZTÜRK басылымының жазуынша, тікелей эфир кезінде өзін жәйсіз сезінген Режеп Тайып Ердоған инфаркті алған. Денсаулығы күрт нашарлаған мемлекет басшысы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр.
Алайда, Режеп Тайып Ердоғанның баспасөз хатшысы Ибрагим Калын Twitter-дегі парақшасында президенттің денсаулығына қатысты жазба қалдырды. Онда ол мемлекет басшысының жағдайы жақсы екенін хабарлаған. Ал Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше күн үйінде ем алатынын және сәрсенбі күнгі іс-шараларда оны вице-президент Фуат Октай ауыстыратынын жазды. Сондай-ақ ол бейсенбіден бастап сайлауалды бағдарламасын жалғастыратынын жеткізді.
Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді. Сайлау науқаны аясында Түркияның қазіргі президенті эфир кезінде кенеттен ауырып қалған болатын.